30.04.2026, 15:15
Оқылды: 9

Ерлік еленді: Теректілік құтқарушыға құрмет көрсетілді

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова Ұзынкөл ауылында кәріз құдығына түсіп кеткен баланы аман алып қалған құтқарушы Танат Мұратұлын жеке қабылдап, алғысхат пен сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

682860702_18218011015316896_1293151184139307766_n

Аталған отырысқа аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бахтияр Катчеков қатысты.

Жуырда Ұзынкөлде 10-11 жас шамасындағы ойнап жүрген бір топ баланың біреуі жеке аймақтағы тұрғын үй кәріз құдығына (септик) түсіп кеткен. Құдай сақтап, оқиға орнынан жақын маңайда құтқарушы болып жұмыс істейтін Танат есімді азамат табылып, тартып шығарып, алғашқы көмек көрсеткен.

Отырыс барысында Танат Мұратұлы болған жағдай туралы баяндады. Өз сөзінде құтқарушы ауылға жеке шаруаларымен келгенін мәлімдеп, осындай жағдайға тап болғанын жеткізді. Оның айтуынша, қазір баланың өміріне қауіп туындап тұрған жоқ. Естуімізше, септик қақпағы ескірген.

681940878_18218010979316896_5212694713689404240_n

Аудан басшысы Әлия Биғазықызы: «Осындай батыл жігіттеріміз көп болсын!» деп, ризашылығы мен жылы лебізін білдірді.

Атап өтетін жағдай, Ұзынкөлде оқып бітірген Танат Мұратұлы қазір БҚО Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет етеді. Осы салада жұмыс істеп жүргеніне 10 жыл уақыт болған.

 

Қаламқас Саясатова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале