8.05.2024, 18:20
Оқылды: 39

Ат ерттеп, садақ атты

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандық спорт мектебі мен "AMANAT" партиясының ұйымдастыруымен "Әке мен бала" атты сайыс ұйымдастырылды.

InShot_20240508_181543199

Сайыс кермеге тартылу, қол күресі, гір тасын көтеру, садақ ату, табан тірес, атты ерттеу сияқты алты кезең бойынша өткізілді.

InShot_20240508_181505045

Сайыс нәтижесінде І орынды әкелі-балалы Жұмабаевтар иеленсе, ІІ орынға Қадеровтар, ІІІ орынға Сәрсеналиевтер отбасы лайық танылды.

IMG-20240506-WA0103 (2)

Тек жеңімпаздар ғана емес, сайысқа қатысқан барлық әке мен бала да марапатсыз қалмады.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале