30.04.2022, 10:11
Оқылды: 47

Ержан – Азия чемпионы

Армспорт – арнайы үстелде өткізілетін, өзіндік ережесі бар қол жекпе-жегі. Сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады.

6455EA1F-A884-48DE-B0E4-53A82C6AD49E

23-30 сәуір күндері аралығында Өзбекстан елі Самарқанд қаласында қол күресінен ХХ Азия чемпионаты өтті. Оған ауданымыздың мақтанышы, үш дүркін Әлем чемпионы Ержан Ерболатұлы қатысып, 2001-2003 жылы туылған жастар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оқ бойы оза шығып, чемпион атанды.

Еске сала кетсек, былтыр Румьния елінің астанасы Бухарест қаласында қол күресінен XXXXII Әлем чемпионатында жерлесіміз Ержан Ерболатұлы топ жарып, үш дүркін Әлем чемпионы атанған болатын.

Ержанның жеке бапкері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрқат Есенжанұлы.

 Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале