29.11.2021, 10:55
Оқылды: 113

Ержан – үш дүркін Әлем чемпионы

Қарашаның 26-28 күндері аралығында Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында қол күресінен ХХХХІІ Әлем чемпионатында қаратөбелік Ержан Ерболатұлы топ жарып, үш дүркін Әлем чемпионы атанды.


20

Мыңнан тұлпарлар шабатын байрақты бәсекеге әлемнің түпкір-түпкірінен 44 елдің спортшылары қатысты. Аталған дүбірлі додаға Қазақстан Республикасы құрама командасы сапында қатысқан Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ержан Ерболатұлы 55 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, үш дүркін Әлем чемпионы атанды.

19

Жерлесіміз Ержан финалдық кездесуде Түрік елінің спортшысынан айласын асырып сол қолдан екінші мәрте Әлем чемпионы атанса, оң қолдан өткен финалдық кездесуде Өзбек елінің спортшысын ұтып үшінші мәрте Әлем чемпионы атанды.

Ержанның жеке бапкері аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жоғарғы санатты жаттықтырушысы, ұлттық спорт төрешісі – Нұрқат Нысанов.

17

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Ерболатұлы 2019 жылы Румыния елі, Константа қаласында қол күресiнен жасөспірімдер арасында ХХХХІ Әлем чемпионатында 50 келі салмақта алғаш рет Әлем чемпионы атанған болатын.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале