8.07.2021, 11:13
Оқылды: 85

Есеп тыңдалып, тапсырма берілді

Жаңа тағайындалған Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумов мекеме басшыларының басын қосып, жиын өткізді. Шара барысында өткен аптада атқарылған жұмыс қорытындыланып, алдағы аптаның жоспары нақтыланды. Тапсырмалар беріліп, жекелеген мәселелер бойынша жұмысты ширату міндеттелді.

8ED732B4-62CB-49CC-94B2-FA30AC8462EB

Мәселен, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ерлан Нүркеновке мал азығын дайындау, тапсырыс берген шаруа қожалықтарының дизель отынымен қамтамасыз етілуі туралы толыққанды мәлімет ұсыну талап етілді.

Біздің аудандағы ахуал бірқалыпты болғанымен көршілес Маңғыстау облыстарындағы қуаңшылық пен төрт түліктің мәселесінен жақсы хабарсыз. Сондықтан мал азығын белгіленген меже бойынша жинап, азық қорын мейлінше мол жинақтауды қадағалауымыз керек. Жем-шөптің жекелер үшін де қолжетімділігін назардан тыс қалдыруға болмайды, – деді аудан басшысы.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне алдағы күндерге жоспарланған сессияға қатысты құжаттарды толыққанды дайындауды ұсынса, ішкі саясат бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөліміне Бөкей хандығының 220 жылдығы, Жәңгір мектебінің 180 жылдығына арналған жоспарларды қайта қарап, ауқымды шаралар бойынша егжей-тегжейлі жоспар құруды тапсырды.

6A6E69E0-1D9F-4A09-82D2-11EB202CCC9E

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Ташуовке жол құрылысының қарқынын қатаң қадағалауды тапсырды.

–Бұл мемлекет басшысының бақылауында тұрған мәселе. Аудан әкімдігі тікелей тапсырыс беруші болмаса да, жергілікті атқарушы билік ретінде осы нысан жұмысына жауапты. Сондықтан атқарылған жұмыс бойынша күнделікті мәлімет алып, қоғамдық бақылау жасап, халықты жұмыстың жай-жапсарымен таныстырып отыруымыз, жұмыстың қарқынын бәсеңсітпеуін бірігіп қадағалуымыз қажет, – деді өз сөзінде.

Сонымен бірге аталмыш мекеме басшысына табиғи отынмен қамтамасыз етілмеген әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына даярлығын да назардан тыс қалдырмауды ұсынды.  

Қоғамның күн тәртібіндегі күйіп тұрған мәселенің бірі де бірегейі – вакцина тұрғысында да тапсырма берілді. «Ashyq» мобильді қосымшасының аудан тірлігіне дендеп енуін талап ету де жүктелді.

Мониторингтік топтардың жұмысын ширатуымыз керек. Халықты «айыппұл саламыз» деп қорқытпай, індеттің құрығы ұзын, құрбаны көп екенін айтып түсіндіріп, санитарлық талаптарды саналы түрде сақтауына мүмкіндік бергеніміз дұрыс, – деді өз сөзінде Нұрлыбек Даумов.

Өз тілшіміз

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале