18.10.2023, 17:00
Оқылды: 36

Есепте тұрғындарға қолдау көрсетіледі

Мемлекеттік құрылым өкілдері аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрғандармен кездесті.

IMG-20231018-WA0030

Дариян және Переметный ауылдарында өткен бұл іс-шаралар барысында мемлекеттік, әлеуметтік қолдаулар, яғни шағын бизнес үшін гранттар мен несие беру, медициналық көмек және өзге де әлеуметтік жәрдемақылар туралы айтылды.

Есепке алынып, бас бостандықтары шартты түрде шектелген азаматтарға аудандық №1 және №2 пробация қызметі инспекцияларының басшылары Тельман Түкешов пен Әсемгүл Күнжарықова, аудандық мансап орталығының директоры Нұрсәуле Есенғалиева, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлжиян Жанғожина түсінік берді.

Ал аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр аталған жандарды бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, мәдени-спорттық шараларға, рухани-танымдық кештерге, отбасылық кездесулерге қатысуға шақырды.

IMG-20231018-WA0029

Қиындықтарға мойымай, отбасы құндылықтарын сақтауға, балалардың болашағын көбірек ойлауға, қоғамға оң көзқарас танытуға үндеді. Одан әрі отбасылық-психологиялық қолдау және әлеуметтендіру бойынша «Шаңырақ» отбасы орталығының директоры Шынар Иманғазиева пікір білдірді.

Басқосудан соң аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев жеке қабылдау жүргізіп, әр азаматтың сұрақтарына жауап берді.

 

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале