28.04.2022, 16:30
Оқылды: 87

Есептік кездесулер басталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына өзгеріс енгізуіне орай ендігі кезекте ауылдық округ әкімдері тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізу тиіс.

IMG-20220428-WA0064

Шыңғырлау ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды. Аптаның басында Сегізсай, Қайыңды және Шоқтыбай секілді шағын елді мекендерден басталған есептік кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары Д.Абдрашитов пен А.Бисембаев қатысты. Әр ауылдық округ әкімдері өздері басшылық ететін өңір бойынша жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарға есеп беріп, алға қойған мақсаттарын ортаға салды.

Ал Ащысай ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекеніндегі есептік жиынға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты. Аталмыш ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Ирманов Біржан жалпы округ көрсеткіштеріне тоқтала отырып, бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндады.

IMG-20220428-WA0065

Біржан Сәлімжанұлының хабарлауынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында округте аз қамтылған 7 отбасыларға материалдық жәрдемақылар көмек көрсетіліп, жұмыссыз тұрғындардың арасынан 10 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. Сонымен қатар бүгінде ірі қара  саны – 3360, жылқы – 906, ұсақ мүйізді мал – 330-ке дейін жеткен екен. Міндетін атқарушы лауазымындағы округ басшысы өңір бойынша жоспарланған жұмыстармен де бөлісті. Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкіміне, тиісті мекеме басшыларына сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Әлия Биғазықызы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Осы тектес есептік кездесулер Ұрысай, Қызылкөл және Жанакүш ауылда жалғасты. Оған аудан әкімімен қатар, аудан әкімінің орынбасары тиісті мекеме басшылары қатысып, округ әкімдерінің есептерін тыңдап, тұрғындардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Есептік кездесулер ауданымыздың барлық елді мекендерінде жалғасын табатын болады.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале