9.11.2022, 23:50
Оқылды: 26

Есептік кездесулер жалғасуда

Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерінің халықпен есепті кездесулері жалғасуда.

IMG-20221109-WA0219

Бірлік, Пятимар және Қызылоба ауылдық округтері әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы тоқсандық есептері баяндалды. Есептік жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық аурухана директоры Ербол Сәрсенғалиев, Жаңақала аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Асылан Қанатұлы, аудандық электр торабының басшысы Сатжан Габдуллин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанғали Мұратов және ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20221109-WA0220 (1)

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Дархан Әмірханұлы өңірдегі атқарылған және алдағы міндеттерге тоқталып, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және іске асыру жөнінде өз пікірімен бөлісті. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының сауалдарына заң талаптарына сәйкес жауап беріп, мұң-мұқтажы мен өтініштері бойынша бірқатар түйінді мәселелер талқыланды. Кездесу барысында ауыл халқын толғандыратын жұмыссыздық, тұрғын үй мәселесі, электр желілерінің ескіруі, интернет желілерінің сапасыздығы, кірме жолдардың жөнделмеуі, техникалық судың қолжетімсіздігі сынды шешімін таппай жүрген базыналары айтылды.

Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдады.

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале