1.11.2021, 9:21
Оқылды: 108

Еуропа чемпионы атанды

Грекияның Ираклион қаласында таэквондо ITF-тан Еуропа чемпионаты өтті. 

IMG_20211031_104632_751

Крит аралдарында байрағы желбіреген спорт додасына Еуропаның әр түкпірінен келген жүздеген таэквандошы бақ сынады. Ел намысын арқалап, осынау байрақты бәсекеге Бәйтерек ауданына қарасты Трекин мектебінің жетінші сынып оқушысы Даниил Рубцов та барды.

Грекия даянгінде шашасына шаң жұқтырмай, қарсыластарын қоғадай жапырған Даниил Рубцов Еуропа чемпионатының алтын медаліне ие болды.

Аралбек Ахметов жаттықтыратын Даниил 11-13 жас ерекшелігі бойынша 35 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Спортшы жаттығу жасау үшін облыс орталығына қатынап тұрады екен.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале