6.02.2022, 11:40
Оқылды: 66

«Everest» супермаркетінің жұмысымен танысты

Сырым ауданына келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы «Everest» супермаркетінің жұмысымен танысты.

IMG-20220206-WA0018

Супермаркетке азық-түлік аптасына екі рет Орал қаласынан тасымалданады. Болашақта тәтті нан өнімдерін шығару жоспарымызда бар. Картоп, пиязды қанша теңгеден әкеліп, неше теңгеден сатып жатқанын сұрады. Сұрыпталған картоп 250 теңгеден саттықта, -деді «Everest» супермаркетінің әкімшісі.
Ғали Нәжімеденұлы сүт, макарон өнімдері қайдан тасымалданатынын білді. Облыс әкімі азық-түлікті «Алтын алма» базары емес, өңірдің өнімдері сатылатын «Ел ырысы» базарынан алуға ұсыныс білдірді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале