29.11.2021, 16:40
Оқылды: 89

Фестиваль мәреге жетті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Жаңақала ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен ауылдық округ көркемөнерпаздары арасында маусым мен қараша айлары аралығында «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты фестиваль өткен болатын. Сол фестивалдің қорытынды гала концерті Жаңақала ауданы орталығында жоғары деңгейде өтті.

41

Өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген әншілер мен бишілер, күйшілер және түрлі өнер иелері сол күні сахна көркін келтірді.

- Құрметті жерлестер, бәріңізді келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік ең басты байлығымыз. Еліміздің жеткен жетістіктерінің бәрі егемендіктің, азаттықтың арқасы. Осы шараға айлар бойы тер төгіп, белсенді қатысқан барлық өнерпаздарға үлкен алғыс білдіремін, - деді Жаңақала ауданы әкімі Дархан Закарин.

Одан әрі Жаңақала ауданы әкімі Д.Әмірханұлы «Тәуелсіз елдің тұғыры» аудандық фестивалінің тілек кітапшасын аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Дина Мұқашеваға табыстады. Ауылдық округ әкімдері және көркем өнерпаздары алғысхатпен марапатталып, сертификаттар сыйға берілді.

42

Мерекелік шара әсем әнмен көмкеріліп, көңілді нотада аяқталды.

Жанайдар Болатбекұлы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале