28.08.2022, 18:25
Оқылды: 49

Фестиваль өз мәресіне жетті

Бүгін Шыңғырлау ауданында өткен «Ұлы дала құндылықтары» атты облыстық фестиваль өз мәресіне жетті.

IMG_1348

Фестивальде Батыс аймақтық көкпардан ашық турнирде әр ауданнан келген командалар тартысты ойын көрсете білді. Нәтижесінде Бірінші лига көкпаршылар командаларының арасында шыңғырлаулық «Бөкенбай батыр» жасөспірімдер көкпаршылар командасы І орынды жеңіп алды, ІІ орынға Қаратөбе ауданы «Дәуқара батыр» командасы ие болды, ал, Жаңақала ауданының «Қамыс-самар» командасы ІІІ орын тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, жоғары лигадағы көкпаршылар арасында Жәнібек ауданының "Ер тарғын" командасы 3 орын, шыңғырлаулық "Бөкенбай батыр" командасы 2 орын иеленсе, Орал қаласының "Теректі" командасы көкпаршылары басым түсіп, жүлделі І орынға қол жеткізді. Сонымен қатар арқан тартыс, қой көтеру, гір тасын көтеру ойындарынан да жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Қызықты да тартысты өткен шараны ауданның тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале