16.01.2023, 11:15
Оқылды: 25

Филиалдың кезектен тыс конференциясында

Жуырда «AMANAT» партиясының Ақжайық аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясы өтті. Оның жұмысына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов қатысты.

IMG-20230116-WA0014

Күн тәртібіне сай алдымен филиалдың атқарушы хатшысы Артур Ермұқанов делегаттарды былтыр атқарылған жұмыстармен таныстырды.

– Өткен жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында барша қазақстандықтар осы қауіптің бетін қайтарды, елдігімізді сақтап қалды. Ел Президенті жыл бойы Қазақстан халқына екі Жолдауын ұсынса, оның бірі саяси реформаларға бағытталып, келесісі халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыруда тың  өзгерістер әкелді, – деген ол партия ықпалымен орын алған оң істерге тоқталды.

Бүгінгі таңда атауы да, жұмыс мазмұны да жаңарған партия жаңа бағытқа бет бұрды. Осы өзгерістер жергілікті жерлердегі филиалдардың да қызметіне тың серпіліс үстеді. Айталық, аудандық деңгейдегі партия филиалында қоғамдық кеңестер саны жетіден беске азайды. Әрі партия мүшелерінің ай сайынғы төлейтін жарналарының 20 пайызын бастауыш партия ұйымдарына қайтару механизмі жүзеге аса бастады. Аудандық филиал деңгейінде наурыз айынан бергі 816,5 мың теңге қаражат нысаналы трансферт ретінде қайтарылып, Ұлы Жеңіс мерекесінде тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға оқу құралдары алып берілсе, жыл аяғында бастауыш партия ұйымдары спорттық шаралар өткізіп, партия ардагерлеріне жаңажылдық сый-сияпаттар жасады.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша конференция делегаттары Дәулетжан Жақсыбаев пен Құрман Бисеғалиев аудандық партия филиалы төрағасы лауазымына қазіргі уақытта аудандық филиалдың атқарушы хатшысы қызметіндегі  Артур Ермұқановтың кандидатурасын ұсынды.

IMG_4732

Делегаттар ұсынысты бір ауыздан мақұлдап, дауыс беру арқылы А.Ермұқановты «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы етіп сайлады.

Конференция жұмысын К.Нұршинов қорытындылап, партияның алдағы мақсат-мүдделерін атап өтті.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале