11.02.2021, 17:41
Оқылды: 230

Фракция жиыны өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы фракциясының отырысы болып өтті Аудандық мәслихаттың депутаттары қатысқан отырыс ZOOM платформасы арқылы бейне байланыс арқылы ұйымдастырылып, оған аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етті.

81392B93-172A-4E8B-88D4-EF2237984130

Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасы талқыланды. Сайлауалды бағдарламада осы бағыттағы жұмыстардың қолға алынбағы мейлінше пысықталып, көрсетілгенді. Сол себепті де Жол картасы бойынша әр салаға депуттаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.

7BF4762C-E0F9-4EF6-896B-FE254B1E3581

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шыңғырлау аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен  аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова таныстырып, филиалдың Саяси Кеңес бюросына келісім алуға ұсынды. Жиын барысында сөз алған аудандық мәслихат депутаттары Қ.Жазықбаев, Г.Құрманбаева, С.Байтенова нақты іс-шаралар жоспарының өзектілігін тілге тиек етті.

Светлана Байтенова, Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаты, төрағаның бірінші орынбасары:

-Біздің бағдарлама туған өлкемізді түлетуге, өркендетуге, ауданымызды дамытуға бағытталған.  Ауданымыздың әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, еңбек етіп, әр саланың барынша дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз. Жол картасы аудан дамуының көрсеткіші деп білемін. Сол себепті де депутат ретінде барлық күш-жігерімді ауданымыздың дамуына, болашағының жарқын да жасампаз болуына арнаймын.

   Қылыш Жолдыбайұлы, аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық орталықтандырылған аурухана директоры:

- Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Күні кеше ел сеніміне ие болып, лайықты деп танылған халық қалаулылары қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істеріне сенемін. Бүгінгі жиыннан түйген ойым - әр депутат сайлауалды бағдарламада айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға, қолдау көрсетуге күш салары анық. Алдымызда атқарылар жұмыс көп, бағытымыз айқын, бағдарламаамыз қолымызда. Ендігі жерде Жол картасын басшылыққа алып, жауапкершілікті жете сезініп, мәселелердің оң шешімін табу бағытында жұмыстанатын боламын.

Гүлім Құрманбаева, аудандық мәслихат депутаты, аудандық білім бөлімінің әдіскері:

- "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Мен білім саласының маманымын. Сондықтан ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін еңбектенетін боламын. Бағдарлама бар, жоспар нақтыланды. Халықтың сеніміне лайықты, сайлауалды бағдарламаны іске асыруда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын.

Осындай мақсат-мүдделерді алдына қоя отырып,  нақты істерімен көрінуге міндеттенген депутаттардың партияның халық игілігі үшін жұмыс атқаруға тиіспіз деген саясатына берік болмағы бұл жиында анық көрініс тапты

"Nur Otan" – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале