26.09.2022, 16:30
Оқылды: 35

Футзалдан қайырымдылық шарасы өтті

23 қыркүйек күні Қаратөбеде «Харекет» қайырымдылық қоры құрылғанына 5 жыл толуына орай әуесқой командалар арасында футзалдан аудан біріншілігі өтті.

3

Шара мұқтаж жандарға қол созып, баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан «Харекет» қайырымдылық қорының жұмысына атсалысу, мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрберген Жоламанов бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылып, қайырымдылық қорына атсалысқан барша спортшыларға алғысын жеткізіп, жарыс барысына сәттілік тіледі.

1

Қайырымдылық шарасына «Харекет», «Спорт мектебі», «Мәдениет», «Жастар», «Білім беру бөлімі» сынды командалар қатысып, үздік ойын көрсетті.

Аяқдопшылар әдемі ойын өрнегін көрсеткен ойын қорытындысында «Харакет» командасы І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды «Спорт мектебі» командасы алса, «Білім беру бөлімі» командасы ІІІ орынды алды.

2

Айта кетейік, қайырымдылықтан түскен қаражат «Харакет» қайырымдылық қорының есеп шотына аударылып, үздік команда облысқа жолдама алды.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале