6.12.2021, 9:40
Оқылды: 76

Ғасыр жасаған ананы құттықтады

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов 100 жасқа толған Щапов ауылында тұратын кейуана Мария Федоровна Пучкинаны арнайы құттықтады.

IMG_4705

100 жыл бұрын Ресей аумағында дүние есігін ашқан кейуана сұрапыл соғыс басталған жылы еңбек жолын бастаған. Содан жұмыстан қол үзбеген ана өмірдің қызығы мен шыжығын елмен бірге көріп келеді. Щапов ауылына 1965 жылы келіп тұрақтаған Мария Федоровна бір ұл мен екі қыз тәрбиелеп өсірген.

-Жүзге келген кейуананы ауылына келіп, құттықтаудың сәті түсті. Аға ұрпақтың қайтпас қайсарлығы мен төзімділігі – бізге үлгі. Соғыс пен аштықты, жоқшылықты көрген алдыңғы буын аға-апаларымыз – нағыз темір адамдар. Бізді бейбіт күнге жеткізген, бар өмірін еңбекке арнаған жандардың алдында қашан да бас иеміз, - деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

IMG_4703

Сондай-ақ аудан басшысы ғасыр жасаған Мария Федоровнаға "Еңбек ардагері" төсбелгісін табыстап, сый-сияпат ұсынды.

Сәл сырқаттанып қалған мерейтой иесінің марапатын қызы Нина Долгова қабылдап алды.
Анасына құрмет көрсеткен аудан, ауыл әкімдігіне кейуананың қызы ризашылығын білдірді.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале