4.10.2019, 11:13
Оқылды: 67

Газет редакторы кітапханашылармен кездесті

Алдағы жылдың бірінші жарты жылдығына мерзімді басылымдарға жазылу науқаны басталды. Маңызды науқанға орай «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директор-редакторы Серікбай Хасанов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

qaratobe (3)

Ұжыммен өткен кездесуді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбану Салауатқызы ашып, сөз кезегін «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Серікбай Хасановқа берді.

Серікбай Жәлелұлы аудан тынысының оқырмандарды үнемі ақпараттандырып отырған төл басылымға белсенді жазылуға шақырды.

Ғылым мен техника дамыған дәуірде газеттің орнын ғаламтор алмастыра алмайтындығын, негізгі мақсат – газет оқырмандарының қатарын көбейту екендігін жеткізді.

qaratobe (4)

Кездесу барысында әңгіме өзегі емен-жарқын пікір алмасу бағытында өрбіді. Кітапхана ұжымы көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ел ішіндегі жаңалықтарды апта сайын оқырмандарға құлағдар ететін басылымға жазылуды ортақ мақсат санайтындықтарын білдірді. Онымен қоса ұжым болып жағдайы төмен отбасыларына аудан айнасы «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылуына көл ұшын беретіндіктерін жеткізді.

Кездесу соңында кітапханашылар «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясының ұжымының жұмысына ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Гаухар Феликс

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале