25.04.2023, 19:08
Оқылды: 49

Газет жанашырлары марапатталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитовтың төрағалығымен өткен жиында ақпарат құралдарына қолдау білдірген жандар марапатталды.
WhatsApp Image 2023-04-25 at 17.43.28(1)
WhatsApp Image 2023-04-25 at 17.43.28(2)
Атап айтқанда Дархан Ережепұлы аудандық және облыстық басылымдардың әр отбасына, әр ұйым-мекемеге қолжетімді болуына жетісіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытқан Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Бәйтенова мен Ардақ ауылдық округінің әкімі Саида Бркеноваға «ЖайықПресс» ЖШС-нің бас директоры Т.Сапаровтың атынан тегін мақала жариялауға сертификат, ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Баймұханов пен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г.Бердіғалиеваға алғысхаттар табыс етті.

Бүгінгі марапат иелерімен бірге газет жанашыры болып, бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау болып жүрген барша оқырмандарға алғысымызды білдіреміз!

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz  
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале