26.10.2021, 10:40
Оқылды: 106

«Газетте бізге не бар?»

Сырым ауданы Тасқұдық негізгі мектебінің бастауыш сынып оқушылары мұғалімдері Жұлдыз Әлпеноваға осындай сұрақ қояды екен. Себебі жас ұстаз газетке жазылып қана қоймай, оны сабақ барысында пайдаланады екен. Оқушылар «Сырым елі» газетінің әр санын сынып болып оқып, талқылайтынын естіп қуанып қалдық. Жас оқырмандарымызға спортшылардың жетістіктері туралы ақпарат-хабарлар қызық екен.

IMG-20211020-WA0081

-«Сырым елінің» жаңа саны келген сайын оқушыларым «Газетте бізге не бар?!» деп сұрайды. Сондықтан алдағы уақытта аудандық басылымның бетінде балалар шығармашылығы, олардың ой-өрісін дамытуға арналған викториналар, сөзжұмбақтар болса деген тілек бар, – дейді жас ұстаз Жұлдыз Әлпенова.

Иә, оқырмандарымыздың қалың қатарын педагогтар қауымы құрағандықтан, олардың газет туралы пікірін тыңдау, талғамын білу – біз үшін өте маңызды. Кешегі аптада Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевпен бірге Аралтөбе, Талдыбұлақ және Елтай ауылдық округтеріндегі мектептерде болып, мұғалімдермен жүзбе-жүз жүздесіп қайттық.

Мұғалімдер тек газет оқу ісіне емес, газет жазу ісіне де араласуы керек. Кездесулерде осыны айтудамыз. Ол үшін педагогтардан журналистерге тән шеберлік пен жеделдік керек. Талдыбұлақ мектебіндегі мәслихатымызға қатысқан округ әкімі Даниял Танзенов басылыммен оқырман ретінде емес, автор есебінде байланыс жасауды қолдады.

Аралтөбе мен Тасқұдық мектептеріне күрделі жөндеу керек екен. Педагогтар газеттен осы мәселені көтеруді сұрады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале