10.09.2021, 11:24
Оқылды: 56

«Ғибратты ғұмыр» жобасының кезекті шығарылымы

9 қыркүйек күні Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында «Ғибратты ғұмыр» жобасының кезекті шығарылымы оздырылды. Мәдениет қызметкері Нұрия Хабибуллина қолға алған жобаның кезекті қонақтары Нұрлан Қауметов және Рысты Қайсағалиева болды.

 14

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында қолға алынған тағылымды-танымдық жоба Тәуелсіздік жылдарында еңбек еткен ауданымызға белгілі еңбек адамдарын насихаттауға бағытталған.

12

Саналы ғұмырында спорт саласында байрақты бәсекелерге қатысып, шәкірт тәрбиелеген Нұрлан Қауметов пен білімді шәкірт тәрбиелеген Рысты Қайсағалиева өздерінің саналы ғұмырынан сыр шертті. Онлайн форматта өткен жоьаға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов арнайы қатысып, жоба қонақтарына арнайы алғыс хат табыстап, Нұрия Хабибуллинаға ризашылығын білдірді.

Тағылымды-танымдық жоба жыл соңына дейін жалғасын тауып, санитарлық талаптарды сақтай отырып онлайн форматта ұйымдастырылып отырады.

13

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале