16.05.2022, 16:15
Оқылды: 101

Грант ұтып, ауылда наубайхана ашпақ

Ауылдық жердің әлеуеті, оның дамуы, өркендеуі іскер басшы мен еңбекқор тұрғындарына тікелей байланысты. Оған қоса, елін, жерін сүйетін елжанды азаматтары болса, ауыл көркейіп, тұрмыс-тірлігі жақсарары сөзсіз.

3

Фотосурет: 24.kz

Мысалға Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылының тұрғындарын айтуға болады. Ауылдың белсенді жастарының  бірі елжанды азамат Азат Жолдығұлов осындай елжанды тұрғындардың қатарынан. Ауыл үшін талай істер атқарып жүрген жан. Азат Азаматұлы мектепте жұмыс атқара жүріп,  жеке кәсіпкер ретінде 1997 жылдан бастап тіркелген. Қашанда тыным көрмейтін  жас жігіттің армандары оны алға сүйреп келеді. Жақында  2021-2025 жылдарға  арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  ұлттық жоба шеңберіндегі байқауға қатысып, озық шықты. Ол өзінің көптен ойында жүрген жобасын қорғап,  мемлекеттік грант ұтып, аудандық комиссияда жеңімпаз болды.

Жобасының құны - 1220 мың теңге. Жоба Ақшат ауылында  наубайхана жұмысын жүргізіп, тұрғындарды нан өнімдерімен қамту болды. Қазіргі таңда нағыз өзекті болып тұрған ауылдық жерде өндіріс орындарын ашу, халықты жергілікті өнімдермен қамту басты назарда болғандықтан бұл жобаның іске асатыны айдан анық. Демек, іске сәт дейік!

А.Аңсар,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале