25.01.2022, 9:40
Оқылды: 66

«Игі іс» операциясы

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында Бәйтерек ауданы орталығындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепте «Игі іс операциясы» шарасы ұйымдастырылды.

C116029B-14A2-4A88-96CD-FFAD043F7D85

Оның басты мақсаты – ауылдағы еңбек, тыл ардагерлеріне, жалғызбасты қариялар мен кейуаналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

Жуырда мектеп оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен аталмыш акцияның алғашқы қайырымдылығын іске асырды. Білім ордасының сегізінші және тоғызыншы сынып оқушылары ардагер Мария Нармагамбетоваға жәрдемдесті.

Белсенді оқушылар зейнеткердің ауласын басқан қарды ашып, мұзды ойып, күнделікті жүріс жолын ретке келтіріп берді.

Оқушылардың бұл ісіне кейуана алғысын жаудырды. Ауа райының қолайсыздығы мен демалыс уақытын сылтауратпай қол ұшын созған жастардың ісіне кейуана тәнті болды. Сонымен бірге оқушыларға жетекшілік еткен ұстаздарға да алғыс айтып, өскелең ұрпақты қайырымдылыққа баулығаны үшін ризашылығын білдірді.

Бұл бастаманы қолға алған мектептің «Жас Ұлан» ұйымының тәлімгері Алмагүл Мұхамбетқалиқызының айтуынша, бұл көмекші оқушылардың соңғы игі ісі емес екен.

-Мектебіміздің «Жас Ұлан» Ұйымы «Игі іс операциясын» нәтижелі атқаруда. Аталмыш қайырымдылық бір реттік акция емес. Оқушыларымыз әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, көмектесуге әзір. Жазды күні ауланы қаулаған арам шөптен тазаласақ, қыста қар ашып қолғанат боламыз. Осындай істер арқылы өскелең ұрпақты мейірімділікке тәрбиелегіміз келеді,- дейді Алмагүл Мұхамбетқалиқызы.

Мектеп қабырғасындағы белсенділердің жомарт қол, жылы жүректен жасаған жақсылығы – көпке үлгі.

Назерке Сыйлыбай,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале