5.03.2021, 19:25
Оқылды: 54

Игі істер жалғасын табуда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы бірнеше партиялық жоба аясында 1 наурыз - Алғыс айту күні және Халықаралық әйелдер күні мейрамының қарсаңында көпбалалы аналарды, тыл ардагерлерін құттықтады.

22F22D62-0F49-4F05-9EFE-1059FACBFDEC

  «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудандық Қарттар үйінде қонақта болып қайтты. Қарттарды мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.  

   Аталмыш жоба аясында «Ақшат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айна Жұмағалиева 8 наурыз мерекесіне орай тыл ардагері Баймұханова Гүлжамал әжейді құттықтады. Бұл шараға тыл ардагері рахметін айтып, елдің амандығын тіледі.

B687ADC6-24A1-40AC-83BE-31C32388873D

  «Ардагерлерді ардақтайық»  партиялық жобасы аясында 1 наурыз - Партия күні мен Алғыс айту күніне байланысты ауыл әкімі, Ақбұлақ БПҰ төрағасы Е.М.Айшуаков көпбалалы ана, алтын алқа иегері Ұмсынай Тоқтығалиеваның шаңырағында болды. Ұмсынай анамыз келген қонақтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

  Жоғарыда аталған жоба аясында «Ақтау» бастауыш партия ұйымы да арнайы құттықтаулар ұйымдастырды. Тыл ардагері Д.Бисенкулова мен ардагер ұстаз К.Бексейітовтың шаңырақтарында болып, бүгінгі таңдағы партияның жұмыстары мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жоспарларын да алға тартты. Сонымен қатар ардагерлеріміз еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани мұрамызды жаңғырту бағытында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті.

   "Nur Otan" партиясы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай осы сынды бірнеше партиялық жобаларды қолға алған болатын. Солардың бірі - “Бақытты отбасы” партиялық жобасы. Привокзал бастауыш партия ұйымының төрағасы Серікбай Жұмағұлов "Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған шаңырақта болып, шынайы мерекелік тілегін жеткізді. Серікбай Ермекұлы Алғыс айту күнімен құттықтап, отбасының, балалардың жағдайымен танысты. Сонымен қатар бірқатар мәселелерге тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

  Дәл осы “Бақытты отбасы” партиялық жобасының ықпалымен “Қызылкөл” бастауыш партия ұйымының төрайымы Ақару Шунаева да көпбалалы отбасы Ақжарқын Ермекбаеваны мерекесімен құттықтап, отбасы құндылықтары, балалар тәрбиесі туралы әңгімелесті.

    Аталған партиялық жобалар арасында іске қосылған тағы бір жоба - «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық жоспарға сай 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық мәслихат депутаты Әлібек Талдыбаев аудан тұрғыны Б.Құбаеваны құттықтап, мерекелік қоржын табыстады.

 Ардагерлердің, көпбалалы аналардың жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді "Nur Otan" партиясы дәстүрге айналдырған. Айта кетерлік жайт, аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған арнайы бағдарлама аясында жалғасын табуда. Шараларды ұйымдастырушылар осындай игі істер жыл сайын жалғасын тапса екен дейді.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале