31.03.2020, 11:37
Оқылды: 71

«Індетті үдетпейік деп үйде отырмыз»

Дүние жүзіне таралған короновирус індетіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Қазіргі жағдайда әр адамның үйде отыруы қажет. Осы орайда Теректі ауданына қарасты Юбилейный ауылындағы Омаровтар отбасымен тілдескен едік.

D32370CF-9764-46BF-B998-B060A0E6E52F

– Індетті одан әрі үдетпей,  үйден ешқайда шықпай отырмыз. Мұның барлығы – халқымыздың, тума-туыс, балалармыздың қамын ойлағандықтан, әрине!  Біз, жолдасым Қаныбек екеуміз екі қыз бала тәрбиелеудеміз. Тұңғышымыз Айару 3-сыныпта оқиды, ал кенжеміз Айназ 5 жаста. Екеуі де далаға шықпай, үйде ойнайды. Айару сурет салып, кітап оқиды,  Айназ теледидардан мультфильм қарайды. Демалыстарын тиімді өткізуде. Кішкентай болса да маған қолғабыс болуға жарап  қалды. Мәселен, елге аз болса да, пайдамды тигізейін деп бетперде тігемін. Іс тігу барысында қыздарым көмектеседі.

Алдағы уақытта үлкен қызыма онлайн сабақ та басталады. Онлайн оқуға сақадай саймыз. Үйдегі теледидарға "Балапан" арнасы қосылған. Сондай-ақ ұялы телефон да бар. Ұстаздарымен ұдайы байланыста болып, сабаққа дайындықты пысықтап жүреміз.

Біреулер "үйге сыймай кеттік" дейді. Ал біздер уақытымызды мағыналы өткізіп жатырмыз. Пайдалы іске күш жұмсаймыз. Дәмді тағам әзірлейміз. Үйде тазалық шараларын да күшейттік. Әйтеуір, уақытымыз жақсы өтуде,  – дейді Мейрамгүл Нығметуллина.

 Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале