10.03.2023, 20:12
Оқылды: 33

"Іргеге су келсе, телефонға емес, күрекке жармас!"

Ауа райының күрт жылынуы адамдарға көктемгі көңіл - күй сыйлағанмен, төтеншеліктерге қауырт жұмыс тәуліктері басталғанын аңғартты.

IMG-20230310-WA0060

Сырым ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Мирас Наримановтың айтуынша, 7 - 9 наурыз күндері аралығында Жымпиты кентінен 1000 текше метр су сорылған. Су сору жұмыстарына 2 ассенизатор, 4 мотопомпа жұмылдырылды. Бүгін қар еру деңгейі тағы көтерілді.

IMG-20230310-WA0059

- Алдағы күндері ауа райы орташа +6 градусты көрсетіп тұр. Демек, қардың қарқынды еруі жалғасады. Су тасқыны кезеңінде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, аудан әкімі бекітті. Алайда, жоспардың кейбір тармақтары орындалмай отыр. - дейді азаматтық қорғау капитаны.

IMG-20230310-WA0058

IMG-20230310-WA0057
Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау және қимыл алгоритмдерін бекіту мақсатында жиын өткізді.
- Көшелерде, үй-жайлардың маңында  қар суы кілкіп тұр. Жымпиты ауылы бойынша төтенше жағдайлар бөліміне хабарласушылар саны артқан. Шынайы дабыл болса, бөлім жұмылдырылады, су сорылады. Алайда, ауласындағы суды жырып жіберуге ерініп, төтеншеліктерді мазалайтындар бар. Олар онсыз да ауыл әкімдігінің мамандарымен бірге түнімен көше суларын арнаға бұрып жүр. Іргеге су келсе, телефонға емес, күрекке жармасайық, жігіттер!" - деп үндеу айтты Ерболат Ахметов.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале