26.08.2022, 16:45
Оқылды: 68

Ізденіске бағыт берген басты жиын

Шыңғырлау ауданы ұстаздарының басты жиыны бүгін мәдениет үйінде «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбымен ашылды. Тамыз мәслихатына аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова, ұстаздар, еңбек жолын жаңа бастағалы отырған жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

14

Аудандық тамыз мәслихатының пленарлық бөлімін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов салтанатты түрде ашып, әріптестеріне тек сәттілік тіледі.  Кезегімен сөз алған аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова да кезекті оқу жылының басталуымен аудан ұстаздарын құттықтай келе, әр мұғалім ізденіспен жұмыс істеп, жаңашылдыққа жақын болса баланың да ынтасы жоғары болмағына тоқталып, әр күн шығармашылық табысқа толы болсын деген игі тілегін жолдады.

15

Келелі жиында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Бисенова, Ащысай МББК директоры А.Битенғалеев, «Балауса» бөбекжайының меңгерушісі Ұ.Тлеупова, балалармен мектептен тыс жұмыс орталығы директорының м. а. С.Байболатов, Қарағаш ауылының тұрғыны, «Поэтикалық дуэт» отбасылық байқауының жеңімпазы А.Меңдібаева білім құндылығы, жаңа моделді жатсынбау, отбасылық дәстүр тақырыбын басшылыққа алған баяндамалар легін жиналғандарға ұсынды.  Салтанатты шара білім беру жолында үздіксіз ізденісімен, жаңашыл бастамаларымен, тыңғылықты жұмысымен көзге түкен ұстаздарды марапаттаумен жалғасып, аудан басшысы Әлия Биғазықызы сахнаға көтерілді. Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің атынын Құрмет Грамотасы «Қызғалдақ» бөбекжайының меңгерушісі Р.Ишамановаға, Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Рамазановаға, Ақтау ауылы негізгі жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Какиеваға және «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі Л.Туғарисоваға табысталды.

16

Шарада сонымен қатар бір топ ұстазға аудан әкімінің алғысхатымен, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім беру бөлімінің, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Білім және ғылым қызметкерлерінің орталық комитетінің» Құрмет Грамоталарын бір топ ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қ.Есенов табыс етті.

17

Осы шарада «Бүгінгі күннің батыры» аталымымен тілсіз жау-судан баланы құтқаруда ерлік көрсеткен Д.Липин, «Ынтымақтастық серіктестік» аталымымен жеке кәсіпкер А.Камзаева, «Балаға мейірім сыйлаған» аталымымен Т.Жарлығасов  марапатталды.

Барлық ұстаздарға арнап шырқалған әсем ән аясында тамыз мәслихаты өз мәресіне жетті.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале