1.03.2021, 12:23
Оқылды: 73

Ізгі ниет үзілмесін

Халқымызда «Адамзаттан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген жақсы сөз бар. Бұл - данышпан халқымыздың уақыт тәжірибесінен түйгені. Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек - құр кеуде», «Мейірім барда - мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады»,- деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген.

AA28F8F5-788C-4F34-9563-12E021C66A84

Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық, адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Бүгінгі күні әртүрлі жағдайларға байланысты тұрмыс тауқыметін тартқан аз қамтылған жанұяларға көмек қолын созып отырған «Шыңғырлау» шекара бөлімі бастаған қайырымдылық акциясын Шыңғырлау ауданының аурухана ұжымы үлкен жауапкершілікпен қабылдады.

Көмекке мұқтаж жандарға қарайласу - сауапты іс. Біздің ұжым осындай қолдауды қажет етіп отырған аудандағы бір жанұяның жағдайымен танысып, азық-түлік түрлерімен, қажетті заттармен қамтамасыз етті. Шынайы көрініс тауып отырған шараларға қолдауымызды білдіріп, аталған сауабы мол игі істі жалғастыруды Шыңғырлау аудандық төтенше жағдайлар мен №22 Шыңғырлау аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне жолдаймын. Құрметті жерлестер! Әрдайым бір-бірімізге көмектесіп,  мұқтаж жандарға қол ұшын соза білейік!

                                          Қылыш Жазықбаев,

Шыңғырлау аудандық ауруханасының бас дәрігері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале