Жұлдыз бас жүлдемен оралды
5 Маусым 2023

Жұлдыз бас жүлдемен оралды

Айсезім Македонияға барады
5 Маусым 2023

Айсезім Македонияға барады

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды
5 Маусым 2023

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады
5 Маусым 2023

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды
5 Маусым 2023

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды
5 Маусым 2023

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды

19.01.2022, 15:15
Оқылды: 67
«Jas Otan» ЖҚ Теректі аудандық бөлімшесінің басшысы тағайындалды

Теректі аудандық Достық үйінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен жиын өтті. Шараға Теректі аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы М. Ибраев, ішкі саясат бөлімі басшысы Р. Сатыбалдиев және округтерден жиналған жастар жетекшілері қатысты.

9

Жиын тізгінін алған жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Н. Аткеева күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, жастар саясаты жоспарын бекітті. Сондай-ақ, аудандық «Jas Otan» ЖҚ бөлімшесінің төрағасын ұсынды. Барша жиналысқа қатысушылар ұсынылған үміткерге бір ауыздан дауыс берді. Нәтижиесінде «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ Теректі аудандық бөлімшесінің басшысы болып Үміткер Орынғалиев сайланды. «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы М.Мақсотұлы арнайы құттықтауын жолдап, бөлімше төсбелгісін тақты.

7

Үміткер Жұмакелдіұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. «Теректідегі тебіреніс», «Тәуелсіздік құрдастары», «Ұстаз жолы» жобаларының авторы, жүргізушісі.

8

Әр жылдары:

-2015 – 2017 ж Әбіш негізгі  ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі;

-2017 – 2019 ж Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды негізгі  ЖББМ мұғалім және мектеп тәлімгері;

-2019ж «Теректі жаңалығы» газетінде фототілші;

- 2019 ж бастап бүгінгі күнге дейін  Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінде қосымша білім беру қызметін атқарып жүр.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале