27.01.2025, 12:30
Оқылды: 179

Қадыр – қазына!  

 

Қадыр Мырза Әлісіз қазақ әдебиетінің ХХ ғасырын елестету қиын. Қадыр қазынасы балдырған баладан, еңкейген қарияға дейін сүйіп оқитын қазақ әдебиетінің байлығы болып табылады. Кеше аудандық мәдени-демалыс орталығында ақынның 90 жылдығына арналған «Ұлы махаббат» атты әдеби музыкалық релизі өтті.

IMG_4777

Ақын туралы қысқаша бейнебаян көрсетілген соң музыкалық кеште оның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Шарада кәсіби ғана емес, әуесқой өнерпаздар да ортадан табылып, «Ұлы махаббат» поэтикалық композициясында Райгүл Рамазанова, Құрмет Құспанов, Айзада Сейітова, Нұрлан Хамзин, Мерей Жұмашев, Анита Қанатова, Есей, Ибрайқұлов сынды әртістермен бірге кітапханашы Ақерке Ғабдуллина және аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Ізжан Жұмашевтың өнер көрсетті. Кеш еліміздің ресми емес Гимнына айналған «Атамекен» әнімен аяқталды.

IMG_4804

Жұмыс уақытынан тыс өткен шараға көрермен аз жиналды. Қазіргі ұрпақтың кітап оқудан алыстап бара жатқан заманында, осындай игі шаралар керек-ақ! Қазақтың Қадыры қазақ барда ұмытылмайды.

Сыйлыхан Жұмасалық,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале