Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» атты акция өтті. Аталмыш акция көрнекті ақын-жерлестің шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында танымал және өлкетану әдебиетін танымал ету, талантты оқырмандарды, шығармашылық ұжымдар мен мамандарды, ауылдық және аудандық кітапханалардан үздік оқырмандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудандық балалар кітапханасының 5-14 жас аралығындағы оқырмандары белсене қатысып, алғырлықтарын көрсетті. Олардың қатарында №3 ЖОББ мектебінің 6-сынып оқушысы Сая Исмағұл, Жаңақала орта мектебінің 2-сынып оқушысы Ақниет Алтынбекұлы, №3 ЖОББ мектебінің 2-сынып оқушысы Арсен Қайырғали, Жаңақала мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Меруерт Хамза бар. Сонымен қатар Жаңақала орта мектебінің 2-сынып оқушысы Дильназ Мамаева, Жаңақала мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Бейбіт Сағындық, №3 ЖОББ мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Бибісара Хамза, №3 ЖОББ мектебінің 4-сынып оқушысы Айару Амангелді, «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Арсен Ержан қатысып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Жаннұр Хайрушева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
12.09.2023, 22:56
6.06.2023, 16:45
2.12.2022, 14:30
18.11.2022, 14:45