6.12.2023, 23:14
Оқылды: 19

Қадырдың елінен – Қадыр орталығына 

Бүгін Сырым ауданында мектеп оқушылары арасында «Ең алдымен ел қамы...» атты Қадыр Мырза Әлидің жырларын жатқа оқудан жарыс өтті. Сайыстың салтанатты ашылуында Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев сөз сөйледі.

Қадыр жыры сурет (1)

«Ең алдымен ел қамы...» - ел ішінде «Қадырсарай» аталған Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының «Қадыр қазына» жобасы аясында жариялаған байқауы. Мақсат – ақынның шығармашылығын насихаттау. Шарт бойынша қатысушылар 30 өлеңін жаттап, кез – келген шумағынан үзінді оқуға тиісті. Өлең жеребе арқылы таңдалады. Аудандарда өткен іріктеу турларының жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

Сырым лицейінде өткен сайысқа «Amanat» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев, С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева және Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Берік Жанболсынов қазылық жасады.

Қадыр жыры сурет (2)

Қорытындыға келсек, 3–6 сынып оқушылары арасынан Бұлдырты орта мектебінің оқушысы Рахман Қайырбек топ жарды. Жоғары буынның ішінен, яғни 7–11 сынып оқушылары арасынан Қособа орта мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің оқушысы Нұрсая Юнус І орын иегері атанды.

Рахман мен Нұрсая «Ең алдымен ел қамы...» атты байқаудың Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өтетін облыстық кезеңінде Сырым ауданының намысын қорғайды.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале