1.03.2024, 16:16
Оқылды: 41

Қайта құрылған бөлімге басшы тағайындалды

Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов қайта құрылған Казталов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысын ұжымға таныстырды.

 dff1472c-272a-43af-9bfb-2673a1419d93

Берік Рахымғалиев аудан әкімінің 2024 жылғы 29 ақпандағы №44-ө өкімімен Казталов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Берік Сергейұлы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы кәсіптік білім мамандығы бойынша Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін және 2015 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Казталов ауданы Бірік ауылдық округінің «Ақтілек» балалар бақшасында жастар практикасы негізінде кәсіптік оқыту шебері болып бастаған.

2012 жылы - Казталов ауданы Казталов мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

2012-2015 жылдары - Батыс Қазақстан облысы «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;

2015-2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы білім беру бөлімінің А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі;

2016-2017 жылдары - Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;

2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары - Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

2017-2021 жылдары Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Айбын» спорт клубының директоры;

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Казталов ауданы әкімінің

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале