17.03.2023, 9:15
Оқылды: 36

Қайтарымсыз грант алып кәсібін дөңгелеткен

Кез келген мемлекеттің экономикалық дамуында шағын және орта кәсіптің алар орны ерекше. Шағын кәсіп түрі дамыса халықтың әл-ауқаты жақсарып, елдің экономикасы қарқынды қарыштайтыны сөзсіз.

bfb1c3a5-0795-413d-9967-507318e6fe75

Киім бізге өз талғамымызды және өзіндік ерекшелігімізді көрсетуге көмектеседі. Бұл автомобильдің салонына да қатысты. Себебі ол өз иесі туралы көп нәрсе айта алады. Бүгінгі кейіпкеріміз көлігін жақсы көретін әрі бағалайтындар үшін автокөлік орындықтарына тыс тігіп жүрген Айдана Халенова.

a068d261-dabf-426c-90b5-7cf323285886

Айдана жастайынан тігінге және қолөнерге жақын өскен. Бой жете келе ұлттық нақыштағы тұмарлар жасай бастаған. Бүгінгі таңда велюр, былғары, гобилен, жаккард матасынан көліктің тысын тігіп, тұтынушылардың сұранысын қамтамыз етуде. Бүгінде бағдарлама бойынша берілген қайтарымсыз грант қаражатына тігін машиналарын тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алып, қолөнермен айналысады. Өзі кесте тігу өнерін жетік меңгерген қолөнер шебері. Ісмер ұлттық нақыш пен заманауи үлгіде қолөнер бұйымдарын әзірлеп, кесте тігеді және ою-өрнекпен әшекелейді. Осы уақытқа дейін бас киім, сөмкелер және тағы да басқа дүниелерін әлеуметтік желі парақшасы арқылы ұсынып келген. Өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауына жүгінген. Қазір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айдана Халенова

- 2017-2019 жылдары бір танысыма осы салада тігуге көмектескен болатынмын. Өлшеп, қию, тігу жаныма жақын екенін біліп, енді өзім бастап, өнерімді дамытайын деп шештім. Жалпы қолөнерге жақын адаммын. Бала кезімнен анамның қасында отырып, түрлі нәрселерді тіккенді жақсы көретінмін. Бұдан бұрын тұмар жасап, саттыққа қойып жүрдім. Қазіргі уақытта Мемлекет тарапынан 1 млн 200 мың грант алып, керекті машинкаларымды алып жұмысымды бастап кеттім. Тұтынушыларымнан тапсырыс алып, қалаған дүниелерін тігіп беремін. Қазіргі таңда автокөліктерге арналған тысқа, көліктерге арналған көпшіктерге тапсырыс береді. Жұмысыма жолдасым да көмектеседі, - деді Айдана Амангелдіқызы.

Жалпы экономиканың түрлі саласында инновациялық бастамаларды қолға алуға мүмкіндік мол. Кәсіп бастағысы келген жанға шектеу жоқ. Тынымсыз ізденіс пен қажырлы қайратты серік етіп, өз қолыңнан келетін істі бизнеске айналдырып, тың идеясын ұсынған адамға мемлекет қолдау көрсетуге дайын.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале