26.05.2026, 21:15
Оқылды: 6

Қайыңдыға заманауи тарту: түлектер LED-экран сыйлады

Қайыңды ауылында 1986 жылғы Березин жалпы орта білім беретін мектеп түлектері туған жерге тағзым ретінде ауыл әкімшілігінің алдына цифрлық дәуірдің нышанына айналған LED-экран орнатты.
image-26-05-26-12-16-1
Жобаның жалпы құны 1 миллион теңгені құрайды. Енді ауыл тұрғындары маңызды хабарламалар, жаңалықтар мен мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты заманауи форматта көре алады.
Осылайша, бір кездері мектеп бітіріп кеткен түлектер туған ауылына заманауи серпін сыйлап, ел есінде қаларлық тағылымды іс атқарды.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Губашев 40 жылдық мектеп түлектеріне  ризашылықтарын білдіріп, алғысхат табыс етті.
– Биыл мектеп бітіргенімізге 40 жыл толып отыр. Осыған орай құрдастарымызбен ақылдаса келе, туған ауылымызға заманауи LED-экран сыйға тартуды жөн көрдік. Қазіргі таңда Атырау қаласында тұрамын. Ауылға келіп, 11 жыл бірге оқыған сыныптастарымды көріп, сағынышымызды басып, ерекше қуанышқа бөленіп жатырмыз. Мектептегі қызықты күндерді, балалық шақтың тәтті естеліктерін бірге еске алып, шынайы әсерге бөленудеміз. Осындай басқосулар достығымызды нығайтып, туған жерге деген құрметімізді арттыра түседі, – деді Айжан Есқалиева.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале