14.12.2021, 13:00
Оқылды: 36

Қайырымдылық айлығының берері мол

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Nur Otan» партия аймақтық филиалдары арасында «Бастауыш партия негізі» айлығының ережесіне сәйкес «Қисық-Қамыс» БПҰ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты қайырымдылық айлығы жүргізілуде.

Қайырымдылық айлығының берері мол (1)

Батыс Қазақстан облысы бойынша, «Nur Otan» партиясының Жарғысын, Саяси тұғырнамасын жүзеге асыру, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру, қайырымдылық, ізгілік, қамқорлық жасау парызын қалыптастыру мақсатында өткізілуде. Қайырымдылық айлығы аясында ауданымыздағы «Атамекен» сауда үйінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық себеті қойылды. Бұл игі бастаманың ұйымдастырушысы – аудандық кітапхананың оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі және аудандық мәслихаттың депутаты Зара Жәрдемова.

- Жалпы қандай бастама жасасам да басшымыздан бастап, ұжым, яғни партия мүшелері үнемі қолдау көрсетеді. Басты мақсатым – қайырымдылық айлығына қатысып, орын алу емес, қайырымды іс жасап, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу. Мейірімді жандардың қатарын көбейту және нәтижесі әрі қарай басқа сауда нүктелерінде жалғасын таба берсе деген ниет. Осы іс-шараға қолдау көрсеткен «Атамекен» сауда үйінің иесі Руслан Наубетовке алғыс айтамын. Сонымен қатар осы қайырымдылық шарасы кішкене себеттен бастау алып бір күннің ішінде үлкен сөреге айналған. Игі іс жасағысы келген адамға осы шара мүмкіндік болып келеді. Егер адам қайырымдылық жасаса, ол өзіне міндетті түрде еселеніп қайтады. Қайырымдылық сөресіне азық-түлік салатын да, өзіне керегін алатын да адамдар аз емес. Қазіргі таңда дүкен сөрелерінде азық-түлік бағасы күннен-күнге өсіп жатқанын жасырмаймыз. Халықтың жағдайы соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тұрмыс-тіршілігі мәз емес. Осы орайда қайырымдылық сөресіне азық-түлік салып, жақсылық жасауға өз үлестерін қосып жатқан ауылдастарға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді З.Қайырғалиқызы.

Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шаралары көбейсе, адамдар бір-біріне көмек қолын созып, жәрдемдессе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

 Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале