16.03.2024, 10:33
Оқылды: 10

Қайырымдылық етсең, қайырын өзің көрерсің

Биыл елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы бастау алды. Дүйім жұртқа «жаңа форматы» деп жар салғанымызбен, бұл мерекенің ежелгі дәуірден тойланып, көне мейрамдардың бірі болып саналатыны баршаға мәлім. Өйткені тарихи деректерге сүйенер болсақ, ұлы далада жаңа жылды тойлау сегіз-тоғыз күнге ұласып, оны «Наурызнама» деп атаған екен. Бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан мерекенің қазақ ұлты үшін маңызы зор. Наурызнаманың 15 наурыз күні – Қайрымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылық, мейірім мен тату көршілікке арналады.

FB_IMG_1710520083835

«Жаныңа жылу сыйлайтын көркем сөз де – садақа» демекші, қайырымдылық тек қана материалдық көмек көрсетумен шектелмейді. Ол - сондай-ақ айналаңдағы адамдарға жылы сөз сөйлеп, жүрегіне нұр шашу, жабырқау көңілді жұбату. Осы орайда бүгін орталық алаңда аудандық білім беру бөлімі мен білім ордаларының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

FB_IMG_1710520050048

Шара шымылдығын «Ақмаржан» халықтық би ансамблі «Гүлдер» биімен ашты.

FB_IMG_1710520056577

Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Одан соң Жақсылық Каримоллаұлы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан 5-8 сынып аралығындағы 45 оқушының жазғы демалысқа жолдамасы мен арнайы сертификаттарын мектеп директорларына табыстады. Аталмыш қоғамдық қоры еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Оның ішінде «Жаздық жолдама» жобасы аясында ауданымыздан қырық бес оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізбек. Атаулы мерекеге орай білім саласында еңбек етіп, өз үлесін қосып жүрген қызметкерлер марапатталды. Атап айтар болсақ, Жақсылық Абдолов аудан әкімінің алғысхатын Сайын Айтқалиев, Сансызбау Қауенов, Айман Кушеккалиева, Асылбек Қалмышев, Гүлмаржан Жұмағалиеваға табыстады, білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев Тұяқ Өтегенов, Кәмшат Қуанғалиева, Айша Ташкенова, Румия Батталова, Алмагүл Жұмағалиева, Ұлболсын Айтпукешева, Ләззат Қуаншалиева, Маржан Еслямова, Райгүл Күнтуарова, Бақтыгүл Тұрғалиеваға аудандық білім бөлімін алғысхатын табыстады.

FB_IMG_1710520120803

Сонымен қатар аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Аққу Нұрғалиева Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының алғысхатымен Төлебек Есімғалиевті, ал облыстық кәсіподақ ұйымының алғысхатымен Самат Абдрахманов, Мұхтар Бисенғалиев, Жайнагүл Есуахова, Мирлан Хамиевті марапаттады.

FB_IMG_1710520117995

Марапаттаудан кейін аудандық саз мектебінің оркестрі «Балбырауын», «Көне Тараз» күйлерін орындады.

FB_IMG_1710520067763

Мейрамгүл Даулетқалиева «Наурыз той» атты әсем әннен шашу шашты. Білім беру ұйымдарының ұстаздарынан құралған жастар «Бастаңғы» көрінісін қойды. Қойылым барысында ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар ойнап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қыз бен жігіт айтысына көпшіліктің көңілі көтеріліп, қол соғысты. Шара Алма Оразбаева атындағы мектебі ұстаздарының әсем әнімен аяқталды.

FB_IMG_1710520075840

Айта кету керек, Жақсыбай ауылының келіні Анар Демеуованың ауыр дертке шалдығуына байланысты қайырымдылық жәшігі қойылды. Сауығып кетуі үшін шұғыл түрде Үндістанда ота жасалуы керек. Қазақ «Қайырымдылық етсең, қайырын өзің көрерсің» дейді. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастырған шарасында аудан тұрғындары жерлесіміздің өмірі үшін өз көмектерін көрсетті.

Айсұлу Нұрболатқызы,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале