2.12.2022, 20:30
Оқылды: 38

Қайырымдылық іс жалғасуда

Қаратөбе ауданына қарасты Сулыкөл ауылдық округінде қайырымдылық шаралары жыл бойына жүргізіліп келеді.

Қайырымдылық Қалдығайты4jfif.jfif

Сулыкөл ауылында тағы бір игі іс жүргізілді. Округ орталығының тұрғыны, жалғызілікті зейнеткер Нұрлығайым Батырованың тұрғын үйіне ауыл әкімі аппаратының демеушілігімен газ желісі кіргізіліп, үйі көгілдір отынға қосылды.

Қайырымдылық Қалдығайты1.jfif

Сырым «КазТрансГазАймақ» Қаратөбе газ шаруашылығының қызметкері Серіжан Төлеуов үй иесі Нұрлығайым апайға газ плитасын жағып көрсетіп, сақтық ережелерімен таныстырды. Қуанышында жек жоқ Нұрлығайым апа қайырымды жандарға алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қайырымдылық Қалдығайты2.jfif

Игі істің басына келген аудандық мәслихаттың депутаты Гүлмира Тлеуғалиева мен ауыл әкімі Бағдат Зайнуллин  көгілдір отынды пайдаланып қуанышқа кенеліп жатырған ауыл зейнеткері Нұрлығайым Батыроваға құтты болсын айтты.

Шаттық Ғалымова,

Сулыкөл ауылдық округінің
әлеуметтік қызметкері    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале