7.10.2022, 15:30
Оқылды: 37

«Қалдырған ізің мәңгілік...»

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет үйінде білім беру бөлімінің қолдауымен, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты аяулы ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті. Жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар және ардагер ұстаздар, барлық білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты.

18

Білім әлемі саңлақтарының ерен еңбегі, шәкірт тәрбиелеудегі орасан төзімділігі, сабырлығы ешқашан елеусіз қалмайды. Білім беру ұйымдарының және мектеп мұғалімдеріне арналған салтанатты жиында қажырлы еңбектері үшін ұстаздар аудан әкімі Д.Закариннің алғысхатымен және Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының  Құрмет грамотасымен марапатталып, гүл шоқтары табыс етілді.

16

Өңіріміздің құрметті азаматы, ардагер ұстаз Сидағали Қойшығалиев бейнебаян арқылы ұстаздарға арнаған ақ тілегін жолдады. Білім беру бөлімінің фейсбук парақшасында жарияланған жазбаға марафон жарияланып, үздік пікір қалдырған оқырмандарға түрлі сертификаттар табысталды.

17

Көңілі кең, жүрегі махаббатқа, көзі нұрға толы ең қасиетті маман иесі ұстаздарға арналған шарада кәсіби мереке иелеріне арнап жезтаңдай әншілер ән де шырқады, мың бұралған бишілер де өнер көрсетті.

15

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале