19.06.2021, 17:09
Оқылды: 55

Қамқор жандарға құрмет көрсетілді

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ақ халатты абзал жандар мерекесіне арналған шара басында Ерікқали Бисақаев жиналғандарды құттықтады.

smart

- Дәрігер — қастерлі мамандық. Әсіресе, соңғы екі жылда медқызметкерлердің қоғамда абыройы артты. Арамызда аты жаман аурумен бетпе-бет келіп, ауыр індеттің бетін қайтаруда қайтпас қайсарлық пен жанқиярлықтың нағыз үлгісін көрсеткен дәрігерлер бар. Баршаңызды келіп жеткен мерекемен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деді Е.Бисақаев.

Кейін аудан әкімінің орынбасары№2 аудандық аурухананың реаниматолог дәрігері Түгелбай Дошимов, медбике Алима Кушумова, Достық ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибе медбикесі Гүлмаржан Кереева, инфекциялық бөлімнің қызметкері Алмагүл Өтеғалиева мен Трекин дәрігерлік амбулаториясының автомобиль жүргізушісі Жарден Атауовқа​ алғыс хаттар табыс етті.

smart

Жиын барысында аудандық маслихат депутаты Алексей Герасимов пен Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов те сөз алып, үздік дәрігерлер мен медбикелерді марапаттады.

Сондай-ақ №2 аудандық аурухана директоры Ғабитжан Ислямов әріптестеріне жылы лебізі мен ақжарма тілегін жеткізді.

Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале