27.12.2023, 17:30
Оқылды: 10

Қамысты және Жақсыбайда ФАП құрылысы аяқталуы жақын

Бүгін Жәнібек аудан әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті.

photo_5213180460518201343_y

Жиынға мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Ақжігіт Қалыбеков медициналық қызметтердің сапасын арттыру шаралары туралы баян етті. Ол:

 - Биыл Тау, Жасқайрат фельдшерлік-акушерлік пункттері, Майтүбек медициналық пункті және Талов дәрігерлік амбулаториясының ғимараттарына күрделі жөндеу өткізілді. Қамысты және Жақсыбай ФАП құрылысы аяқталуы жақын. Сонымен қатар Борсы ФАП ұлттық жобасы бойынша 2024 жылға құрылыс жоспарда болса, Жәнібек аудандық ауруханасы мен Ұзынкөл ауылындағы ФАП ғимараттарды жөндеуге сметалық құжаттаманың жобасы әзірленуде, - деді.

photo_5213180460518201345_y

 Сондай-ақ Ақжігіт Жәнібекұлы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» мемлекеттік бағдарламасының негізгі шарттарын орындау үшін қажетті міндеттемелерге тоқталды. Одан кейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаев жаңа жылдық өткізілетін шаралар туралы хабарлама жасады.

photo_5213180460518201351_y

- Жаңа жыл мерекесін тиісті деңгейде өткізуде ауданда бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін ауыл әкімшілігі аудан орталығын безендірді. Айта кету керек, кәсіпкерлік нысандар және мемлекеттік мекемелер арасында «Ғажайып ғимарат» атты жаңа жылдық безендірілу бойынша байқау жарияланды. Сонымен қатар 31 желтоқсан күні орталық алаңда «Жаңа жылдық пародия» атты мекемелер арасында топтық өнер байқауы өткізіледі. Барлық мекемеге байқау ережесі жіберілгенімен, аталған байқауға қатысуға ниет білдірген мекемелер саны әзірге аз. Осыған орай мекеме басшыларын сайысқа қатысуға шақырамын, - деп түйіндеді сөзін Нұрболат Мұхтарұлы.

photo_5213180460518201352_y

Аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов 2024 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырып, аудан әкімінің қаулысымен бекітті. Күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, аудан басшысы Тимур Серікұлы жыл қорытындысы бойынша қызметкерлерге алғысхат табыстады.

photo_5213180460518201353_y

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісімен аудандық электр торабының Тау ауылындағы Коментерн учаскесінің шебері Ерлан Қарашауов марапатталды. Сонымен қатар аудандық сот әкімінің басшысы Әсел Салихова, аудандық сот отырысының хатшысы Анар Қаженова, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Базарбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Серік Жұмағали, Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі Ерназар Сәлімов және ғимарат жұмысшысы Қанат Қабылханов, Ұзынкөл жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбек Дәулетов, аталған ауылдық мәдениет үйінің хореографы Аяжан Жақсығұлова, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің іс қағаздарын жүргізуші инспекторы Эльмира Қаратаева, аудандық жер қатынастары бөлімінің статисі Табиғат Төлеген, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің еден жуушысы Мақпуза Бисекенова және мансап орталығының еден жуушысы Қаламқас Шаққалиеваға алысхат табысталды.

Соңында Тимур Серікұлы:

         - Келе жатқан жаңа жылымыз құтты жыл болсын! Баршаңыздың отбасыларыңызға зор денсаулық, жұмыста табысты болуларыңызды тілеймін! 2023 жылы атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын. Баршаңызға рақмет! Келер жылымыз жақсы жаңалықтарымен, игі бастамаларымен келсін! - деп, кеңейтілген жиынды түйіндеді.

Айсұлу Нұрболатқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале