3.10.2018, 18:04
Оқылды: 50

Қамыстыда жұмыссыздар саны көбейген

Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев бастаған аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиев және дербес бөлім басшылары Талов, Жақсыбай, Борсы, Қамысты және Тау ауылдық округтерінде болып, «Ашық есік» күнін өткізді.

janibek qabyldau (5)

 

          Қабылдауда болған таловтық Н.Қажығалиев жер телімінің құжаттарын шешу мен күн панелін субсидия арқылы алу, 17 жылдан бері жыл сайын оператор болып қызмет істеген А.Бимашев биыл уақтылы келіп тіркелмеген үшін жұмысқа қайта алынбағандығын, Г.Молдағалиева мен Г.Перғалиева жұмысқа орналасу мәселелерімен келсе, жақсыбайлық М.Ғазезова қызын жұмысқа орналастырып бергені үшін, әкімшілікке ризашылығын білдірді. Ал Борсы ауылының тұрғындары Г.Бакишева, А.Бисакова жұмыс, Д.Дайырғалиев спортзалға жарықтандыру, Г.Ғұсманова баласын жастар практикасы арқылы жұмысқа қабылдау және Н.Култанов сатып алған үйінің сатып алу-сату жұмысы ұзаққа созылып кеткенін айтты.

         Қабылдауға келген қамыстылықтардың барлығы дерлік жұмыс сұрайды. Көпшілігінің дипломы жоқ, операторлық жұмыстан дәмелі. Алайда бұл жұмыс орны бәріне бірдей жетіспейді. Осы ауылдағы зейнеткер Б.Өтеғалиев Кайсацк-Қамысты өткелін реттеп, ауылдықтарға жолын ашып беруін және шекараны бөліп тұрған сымдардың араларын ресейліктер жаппай тастап кетіп, малдың өтіп кетуі мәселесін көтерді. Сондай-ақ Тау ауылдық округінің тұрғыны, «Дидар» ШҚ басшысы Талғар Өтешев мал суаратын судың тапшылығын айтса, Нұрсұлу Жолдыбаева өзі тұратын екі пәтерлі үйдің бір жағы өртеніп, ыңғайсыздық жасап отырғанын айтты. Сол сияқты ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі Замира Айтқалиева кезек бойынша үй қашан беріледі деген сұрақпен келді.

         Қабылдау барысында жергілікті тұрғындардың мәселесі мен мұң-мұқтажын тыңдаған аудан әкімі, мекеме басшылары көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстанатындығы жеткізді.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

janibek qabyldau (3)

janibek qabyldau (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале