5.08.2021, 19:52
Оқылды: 47

Канал құрылысынан оң өзгеріс күтеміз

Бірер күн бұрын әлеуметтік желілер арқылы өңір басшысының Теректі ауданына келгендігін, жұмыс сапары барысында Ұзынкөл су қоймасын оңалту мәселесі талқыға түскендігін оқыған едім.

IMG_02082021_091037_(1020_x_680_пиксель)

Барбастауға Жайық өзенінен су жіберу арқылы Ұзынкөл су қоймасын қалпына келтіру – оң бастама. Аталмыш бастаманы ауданның барлық шаруалары құптайды деп ойлаймын. Ол қазір жөнделіп жатқан «Жайық - Шалқар» каналына өз септігін тигізеді. Әлем бойынша су тапшылығы өткір боп отырғанда басшылардың қол қусырмай, керісінше осындай өзекті жұмыстармен шұғылданып жатқандығы қуантады. Тек бұл жоба аяқсыз қалмаса екен. Егер, Ұзынкөл су қоймаса қалпына келсе, картоп, жеміс-жидектер отырғызатын шаруалардың саны өседі. Ірі қарамен күн көріп отырған жандарға да серпіліс болады. Жалпы «Қабылтөбе-Федоров» каналы құрылысынан оң өзгерістер ғана күтеміз.

Бекболат Қыдырбаев,

«Бекос» шаруа

қожалығының жетекшісі

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале