Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылдық округінің әкіміне кандидаттардың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтіп, оған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұстахим Қабдысалиев қатысты.
-Жәнібек ауылдық округі әкімінің лауазымдық өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты 4 қаңтарда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы шешімі қабылданды.
Соған орай аталған сайлауды өткізу үшін ҚР «Сайлау туралы» заңына сәйкес арнайы күнтізбелік жоспар жасақталып бекітілді. Сол жоспарға сай бүгін Жәнібек ауылдық округінің әкіміне үміткер кандидаттардың халықпен кездесуі белгіленді, - деген аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Руслан Нұралиев кандидат ретінде тіркелген үш азаматты таныстырды.
Әрі қарай кандидаттар Жақсылық Бисенғалиев, Мақсат Жаналиев және Абзал Қаратаев өздерінің қысқаша өмірбаяндары мен сайлауалды бағдарламаларын көпшілікке таныстырды.
Кездесу барысында кандидаттарға ауыл тұрғындары тарапынан ауылды абаттандыру, көшелерді асфальттау мен жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, қоғамдық көлік шығару тұрғысындағы сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.
А.Есіркепов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
31.05.2023, 20:04
31.05.2023, 16:45
30.05.2023, 18:12
29.05.2023, 17:45