19.03.2020, 10:06
Оқылды: 70

Қанжығада қос грант

Жуырда Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» облыстық зияткерлік сайысы өткен болатын.

A9569EDB-CFCB-424D-8D25-9F0EC4471B93

Сайыста аудан намысын қорғаған екі бірдей 11-сынып оқушысы үздіктер қатарынан табылып, университет грантына ие болды.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай облыстық білім басқармасы ұйымдастырған білімділер бәсекесі екі кезеңнен тұрды. Алмалы ауылынан қатысқан Мейрамбек Қарабайұлы «Туған жер – тұнған тарих» атты бірінші кезеңде бақ сынаған оқушылар арасында білгірлігімен жеңімпаз атанып, екінші кезеңде де мүдірмеді. Ал қурайлысайлық Гауһар Талғатова «Полиглот» тақырыбы бойынша алғашқы сында жеңімпаз атанып, сайыстың екінші кезеңінде де білімділігін дәлелдей білді. Айта кету керек, Гауһар өткен жылы да жеңімпаз атанып, жасы жетпеуіне байланысты грант иелене алмаған болатын. Қайсар қыз биыл да білімділер бәсекесінде бәсі биік екенін дәлелдеді. Сөйтіп, облыс бойынша университет грантына ие болған 15 адамның тізіміне қос бірдей оқушымыз енді. Грант сертификатына ие болған оқушылар тегін біліммен қоса үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылады екен. Болашақ түлектер бұл грантпен шектелгісі келмейді. Мектепті тамамдаған соң екеуі де медицина саласы бойынша жоғары білім алуды жоспарлап отыр.

Әлия Шарапиева 

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан жәнеTelegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале