18.04.2022, 15:00
Оқылды: 82

Қарабек бойына су келді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өңірдегі су шаруашылығының жағдайы, Жайық өзенінің ескі арналарын тазалау және тұрақты суармалы жерлерді іске қосу мәселелері бойынша кеңес өткен болатын.

2 су арна

Аталмыш кеңес хаттамасында Жайықтың арнасы – Қарабек бойын тазалау туралы тапсырма берілді.

Бұл тапсырманы орындауды Ақсуат ауылдық округі әкімдігі қолға алып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, демеуші болған шаруашылықтар көмегімен Қарабек арнасының 600 метр жері топырақ, тал-терек өскіндерінен тазартылды.

Кедергілерден тазартылған жермен ені 1,5 м, биіктігі 30 см су ағып, Жайық өзенінен Қарабек бойына су құйып жатыр. Су екпінімен толған арна ағысы күннен-күнге үдеп келеді.

Осы жұмыс нәтижесінде жаздай осы аумақта жайылатын бес жүзге тарта ірі қара мен жеті жүздей ұсақ жандықты суатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале