Қазталов ауданының Қараоба ауылындағы «Леди Лиза» кәсіпкерлік нысанының қызметкерлері №233 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Ауыл тіршілігінің өркендеуіне үлес қосып жүрген кәсіпкерлік саласының өкілдері маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Еңбек ұжымының сайлауға бірге қатысуы қоғамдық өмірге деген бейжай еместікті және азаматтық жауапкершілікті көрсетеді.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы