5.05.2020, 9:21
Оқылды: 45

Қараөзендік жастар сегіз жанұяға жәрдемдесті

Қараөзен ауылының 1999-2000 жылы дүниеге келген перзенттерінің тікелей бастамасымен ауыл жастары бірігіп, сауабы мол істі қолға алды.

F57C719E-EED9-49F6-AEE2-0D73378877F8

Қасиетті Рамазан айында Қараөзен ауылында тұратын көпбалалы сегіз отбасыға қайырымдылық жасап, бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер алып берді. Жас та болса ұйымшылдық көрсетіп, жылы жүректерімен жомарттық танытқан ауыл жастарына әлеуметтік көмекке ие болған барлық отбасылар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

F100E05F-3E5B-4122-B0DE-02BC09D3F8BF

Жиырма жасқа толар-толмастан қайырымды іске жұмылып, шынайы достықтарымен көпке үлгі бола білген осындай жалынды  жастардың қатары ауданымыздың әр ауылында көбейе берсін!

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале