10.07.2022, 9:41
Оқылды: 33

Қаратөбе аудандық мешітінде айт намазы оқылып, құрбандық шалынды

Бүкіл мұсылман халқының ең басты ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесі басталды. Үш күнге созылатын мереке хижра-мұсылман күнтізбесі бойынша Зұлхижа айының оныншы жұлдызында (Арапа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады. Құрбан айтта мұсылман жұрты құрбандыққа мал сойып, думанды мейрам жасап, үлкен-кіші арасында үгіт-насихат, өсиеттер айтып, бір-біріне құрмет көрсетеді.

FD56141E-1E0F-4F28-A69C-F5900C828B87

Биылғы Құрбан айт мерекесін Қаратөбе ауданының жұртшылығы да ерекше ықыласпен қарсы алды. Күн ұясынан арайлап атқан уақытта тұрғындар аудандық мешітке жиналды. Биылғы айт намазы Батыс Қазақстан облысы бойынша таңғы 6:30-да деп бекітілген болатын. Осы уақыт аралығында күнмен таласа тұрып, мешітке асыққан жамағаттың айтқа деген ерекше ілтипатын көруге болады.

0919D45C-2744-416A-9204-02933CD5DAFA

Осы ретте аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Әділжан Бекқазив мешітке келген жамағатқа Құрбан айттың қадір-қасиеті турасында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Уағыз-насихат жұмыстарынан кейін мешіт жамағаты намаз оқып, кейін ел мен жердің амандығы үшін Жаратушыдан дұға-тілек тіледі. Риясыз жүздеріне күлкі үйірілген жамағат бір-біріне айт қабыл болсын айтып, құрбандық шалуға ниет қылды.

8B07CA8C-1A76-43E3-B6CA-71B76C6FF089

Мешітке келген жамағатқа «Ізгілік» қоғамдық бірлестігі мен аудандық мешіттің «Құрбан айт қабыл болсын!» атты айт қорапшалары табысталды. Одан бөлек мешітке келген жамағаттың ынтымақ-бірлігін нығайту мақсатында спорттық сайыс түрлерінен асық ату, арқан тартыс ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздар «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің арнайы дайындаған диплом, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

BE803422-9EBA-4357-A715-2EC77EFA56EE

Айт күнінің барынша насихатталуына мешіттің нәзік жанды әйел азаматшалары да атсалысты. Әйел жамағаты мешіт асханасына арнайы дастарқан жайып, сойылған құрбан етінен келген жамағатқа дәм татқызды. Биыл аудандық мешітте 1 ірі қара мал құрбандыққа шалынып, еті мұқтаж отбасыларына таратылуда. Шалынған құрбандықтар туралы мәліметтер қосымша жазылатын болады.

EAE76C70-9A36-4618-8E9A-35C53121A099

1F59FA6A-0DBA-490F-B084-1310D0AFF6E5
74487558-F47F-4F69-BB14-42A45A17DB84
Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале