12.08.2021, 17:18
Оқылды: 66

Қаратөбе ауданы әкімі спортшылармен кездесті

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Спорт күні мерекесіне орай аудан спортшыларымен кездесті.

 IMG_8616

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы аудан спортшыларын төл мерекелерімен құттықтап, бұқаралық спортты дамытуға өзіндік үлес қосқан саланың бір топ қызметкерлері мен ардагерлерін алғысхатпен марапаттады. Олардың қатарында ардагер спортшылар, Қаратөбе мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Ақан Төлеуов пен жусандыойлық бапкер Азамат Жұматов бар.

– Аудан спортының дамуына сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Соңғы кезде ауданда тұрғындардың спортпен шұғылдануына жан-жақты мүмкіндік жасалды. Спорт алаңдары салынып, ауыл балалары аталмыш алаңдарда спорттық ойын түрлерімен шұғылдануда.  Қол күресінен үлкен жетістікке қол жеткіздіңіздер. Жақында 70 жасқа толған спорт ардагері Бралиев Серік ағамызбен жүздестік.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аудан спорты көптеген қиындықтарға қарамастан үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрді.

IMG_8624

Қазір  бұрынғыдай емес, жағдай жақсарды. Жұмыс жасауға толық мүмкіндік бар. Сол мүмкіндіктерді пайдаланып аудан спортын биіктен көрсету – бүгінгі таңдағы біздің басты мақсатымыз.

Өздеріңіздің көкейлеріңізде жүрген ойларыңыз бен тың идеяларыңыз болса ортаға салуларыңызға болады, – деді аудан спортшыларын мерекелерімен құттықтаған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тінәлиев қатысты.

 

                                                               Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале