24.04.2026, 17:15
Оқылды: 9

Қаратөбе ауданында әдеби-сазды кеш өтті

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған «Кітап – ұлттық құндылық айнасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

кітап (2)

Рухани кешке аудан тұрғындары, кітапхана оқырмандары мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Кештің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Ғабит Талаптанұлы сөз сөйлеп, кітапханашыларды мерекемен құттықтады.

–  Баршаңызды Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі «Кітап – ұлттық құндылық айнасы» атты әдеби-сазды кеш – осы рухани байлығымызды дәріптеуге бағытталған тағылымды шара. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлкен ықпал етеді деп сенемін. Осы ретте кітапхана қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Сіздер – білім мен мәдениеттің шырақшысысыздар. Қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Алдағы уақытта да кітапхана мен оқырман арасындағы байланыс нығайып, рухани құндылықтарымыз арта берсін, - деді.

кітап (1)

Мерекелік шарада облыс әкімі атынан Алғыс хат Айгүл Каресқызына табысталса, мәдениет басқармасының Алғыс хатына Естай Уахитұлы ие болды. Сонымен қатар аудан әкімі атынан Жазира Жауынбайқызы мен Жібек Мұрадымқызы марапатталды. Сондай-ақ Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хаттарын кітапхана директоры Нұржамал Сәрсенқызы табыстады.

кітап (3)

Аталған кітапхана атынан Тәттігүл Назарғалиқызы, Айнагүл Аманжолқызы және Гүлзира Жанболатқызы марапатталса, мәдениет бөлімінің Алғыс хатына Гүлфарида Жұмабайқызы мен Гүлжаухар Елемесқызы ие болды.

кітап (4)

Кеш барысында кітапханаға тұрақты келіп, кітап оқуды отбасы дәстүріне айналдырған үлгілі отбасылар да назардан тыс қалмады. Сафуллиндер, Есетовтар, Сағынғалиевтер және Сағыновтар отбасылары белсенді оқырман ретінде марапатталды.

Бұл отбасылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен бала тәрбиесіндегі өнегелі жолы көпшілікке үлгі ретінде көрсетілді.

кітап (5)

Кеш барысында оқырман отбасылармен сұхбат ұйымдастырылып, олардың кітап оқу дәстүрі, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру жолдары және сүйікті шығармалары туралы ойлары тыңдалды. Қатысушылар кітапхананың өз өмірлеріндегі ерекше орны туралы әсерлерімен бөлісті.

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале